Жан тынысы (Астана Опера)
«Жан тынысы» вокалдық-аспаптық музыка кеші.
Ұзақтығы — 1 сағат 30 минут.
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз.
Вокал өнерін сүйер қауымға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова (сопрано), «Астана Опера» оркестрінің солисі Бағдат Әбілханов (скрипка), трубашы Думан Орынғалиұлы, сондай-ақ Руслан Баймурзиннің басқаруындағы «Астана Опера» камералық оркестрі «Жан тынысы» вокалдық музыка кешін тарту етпек.
Айгүл Ниязова опералық және камералық-вокалдық классиканы бағалайтын жандарға кеңінен танымал. Оның жылылық пен нәзіктік тұнған жарқын әрі қуатты дауысы тыңдарманды шынайылығымен және драмалық тереңдігімен баурап алады.
Бағдат Әбілханов — танымал музыкант, камералық музыканы насихаттаушы және авторлық концерт топтамаларын ұйымдастырушы.
Кеш бағдарламасын оркестрдің орындауындағы камералық классика толықтырады.
Концерт қалың көрерменге жарқын эмоция мен шабыт сыйлайды деген сенімдеміз!
Орындаушылар:
Солистер:
— Айгүл Ниязова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано);
— Бағдат Әбілханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка);
— Думан Орынғалиұлы (труба);
— «Астана Опера» камералық оркестрі. Дирижёр — Руслан Баймурзин, «Құрмет» орденінің кавалері.
Бағдарламада Дж. Гершвин, Д. Керн, Э. Морриконе, М. Фалья, К. Веласкес, Ф. Легар, Э. Артемьев, А. Пахмутованың музыкасына танымал оперетталар, мюзиклдер мен кинофильмдерден туындылар шырқалады.
Отзывы
Загрузка отзывов...
На карте
Открыть в Яндекс.Картах →Другие мероприятия — Астана Опера
Похожие мероприятия
Молданазар (Филармония им. Рахмадиева)
30 апреля 2026 г.
Филармония им. Рахмадиева
от 1 604,92 ₽
Жастар Live (Дворец «Жастар»)
30 апреля 2026 г.
Дворец «Жастар»
от 401,23 ₽
Эжен Изаи: шесть портретов в звуках (Астана Опера)
2 мая 2026 г.
Астана Опера
от 802,46 ₽
Қуандық Рахым (Филармония им. Рахмадиева)
9 мая 2026 г.
Филармония им. Рахмадиева
от 962,95 ₽