Струны времени (Астана Опера)

Струны времени (Астана Опера)

«Қазақквартет шақырады» топтамасы.

Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің.

«Уақыт Сазы» концерті (Й. Гайдн, А. Шенберг, Е.Өміров).

Ұзақтығы — 1 сағат 30 минут.

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті — отыз жыл бойы асқан шеберлігімен әрі өнерге деген адалдығымен тыңдарманын шабыттандырып келе жатқан танымал кәсіби музыканттар ұжымы.

2025 жыл — квартет үшін ерекше жыл: ансамбль шығармашылық қызметінің 30 жылдығын жарқын концерттер өткізіп, фестивальдерге қатысу арқылы, Қазақстанда және шетелде гастрольдік сапарларға шығу арқылы атап өтуде.

«Уақыт сазы» мерейтойлық концерті дәуірлер мен көркемдік бағыттар арасындағы үндестікті ашып, еуропалық классика мен бүгінгі заман музыкасын біртұтас әуезге тоғыстырады.

Бағдарламаға веналық классик Йозеф Гайднның, жаңа веналық мектеп өкілі Арнольд Шенбергтің туындылары, сондай-ақ қазіргі заманғы қазақстандық композитор Ермек Өміровтің ішекті аспаптар квартетінің премьерасы енді.

Бұл кеште әрбір шығарма өз уақытының көрінісіне айналады, ал бірлесе олар XVIII ғасырдың классикалық айқындығынан бастап ХХ ғасырдың батыл ізденістеріне әрі бүгінгі күннің өзекті авторлық пікіріне дейінгі тұтас музыкалық панораманы құрмақ.

Концертке опера әншісі — Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева қатысады.

Бағдарлама:

— Й. Гайдн. 2 ішекті аспаптар квартеті, ми-бемоль мажор, op. 33 («Орыс квартеті») Der Scherz («Әзіл»):

1. Allegro moderato

2. Scherzando — Trio

3. Largo

4. Finale. Presto.

— А. Шенберг. 2 ішекті аспаптар квартеті, фа-диез минор, op. 10 (жеке орындалатын сопрано бар III және IV бөлім, Стефан Георгенің өлеңі):

1. Mässig;

2. Sehr rasch;

3. Litanei. Langsam;

4. Entrückung. Sehr langsam.

— Е.Өміров. 1 ішекті аспаптар квартеті (Премьера):

1. Largo;

2. Moderato (Күй);

3. Allegro.

Орындаушылар:

— Нұржамал Үсенбаева(сопрано), Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Ішекті аспаптар квартетінің құрамы:

— Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка)

— Алексей Лебедев (2-ші скрипка)

— Бекзат Сайлаубайұлы (альт), көркемдік жетекшісі

— Ернар Мыңтаев (виолончель), қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Поделиться

📨Telegram💬VK📱WhatsApp

Отзывы

Загрузка отзывов...

Оставить отзыв

📅
Дата
22 мая 2026 г.
📍
Место
Астана Опера
💰
Цена
от 802,46 ₽
12+
Купить билет